Қиын метеожағдай: Павлодар облысындағы жолдар жабылды
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты автожолдарда қозғалыс шектеулері енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтар күні сағат 18:30-дан бастап келесі бағыттарда қозғалысқа тыйым салынады:
- «Қызылорда – Павлодар – Успен – РФ шекарасы» (1135-1206 шақырым): Атамекен кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін;
- «Қызылорда – Павлодар – Успен – РФ шекарасы» (1206-1367 шақырым): Шідерті кентінен Атамекен кентіне дейін;
- «Астана – Ерейментау – Шідерті» (205-254 шақырым): Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін.
Облыс жолдарында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 250-ге жуық полиция қызметкері мен 90 қызметтік автокөлік тәулік бойы жұмыс істеуде.
Полиция департаменті жүргізушілерге ауа райының өзгерістерін мұқият бақылауға, SMS-хабарламалар арқылы жолдың жабық-жабық еместігін тексеруге және жол жабылған жағдайда сапардан бас тартуға кеңес береді.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс қашықтықтарға жаяу бармау ұсынылады.
Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз, шұғыл түрде 112 бірыңғай құтқару нөміріне немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Қазіргі уақытта облыс бойынша жағдай бақылауда, ал қозғалыс шектеулері қауіпсіздік толық қамтамасыз етілгенше жалғасады. Ведомство тұрғындарға алыс сапарлардан бас тартуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Еске сала кетейік, республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазалауға 83 техника мен 211 адам қатысуда. Ал облыстық маңызы бар жолдарды тазалауға 42 техника мен 52 адам жұмылдырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram