Ұжымның ұйымшылдығы: Ақсу электр станциясындағы бір түннің тарихы

Ұжымның ұйымшылдығы: Ақсу электр станциясындағы бір түннің тарихы

19 маусымда Павлодар облысында жойқын дауыл болды. Табиғаттың «тосын сыйы» жеке секторды да, инфрақұрылым нысандарын да аямады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы дауылдың эпицентріне айналды. «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ Ақсу электр станциясы дауылдың соққысына тап болды. 

Электр станциясындағы үзілістер табиғи апат әсерінің салдарынан орын алды. Ақсу ЭС-мен қатар энергожүйенің қалған бөлігі де зардап шекті – электр беру желілері зақымдалды және өңірдің басқа энергетикалық объектілерінде авариялық ажыратулар тіркелді. Жүйелік оператор электр станциясының солтүстік және оңтүстік аймақтарында «апат» режимін енгізді. Бұл дауылдың қаншалықты ауыр салдар әкелгенін көрсетеді.

Сағат 17:00 шамасында электр қорғанысының іске қосылуы нәтижесінде №5 энергоблоктың апаттық сөнуі орын алды. Одан кейін желдің қатты екпіні мен ауа райының күрт нашарлауынан Ақсу ЭС энергия блоктарының каскадты ажыратылуы орын алды. Көптеген жылдар ішінде алғаш рет электр станциясы толығымен істен шықты.

Төтенше ауа райына қарамастан, электр станциясының қызметкерлері үйлесімді және жанқиярлықпен жұмыс істеді. Барлығы бас қосты: кезекші ауысым да, өз бастамасымен жұмысқа шыққандар да.

Бір сағаттан кейін тарату құрылғыларын энергиямен жабдықтау қалпына келтіріліп, энергия жүйесімен жүйелік байланыс желілері қосылды. Сағат 19:30-ға дейін электр станциясының жедел персоналы Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Қазақстандық электролиз зауытының электр беру желісіне кернеу берді. Сағат 21:00-ден бастап энергия блоктарын кезең-кезеңімен іске қосу басталды. Таңертең электр станциясының генерациясы 1000 МВт құрады.

– Біздің міндетіміз – электр энергиясын өндіру. Біздің дүрбелеңге салынуға құқығымыз жоқ. Мен команданың жұмысына мақтан тұтамын: анық, сауатты, жанқиярлықпен, – деп түсіндірді Энергетика дивизионының бас операциялық директоры, «ЕЭК» АҚ Бас директоры Дүйсен Мерғалиев. –  Мұндай сәттерде нағыз мінез байқалады. Станцияны қызметке қайтару үшін күш-жігерін аямағандардың барлығына алғыс айтамын. 

Қалпына келтіру жұмыстарына ERG Service командасы қолдау көрсетті. Бригадалардың жанында «Service» ЖШС қызметкерлері апатты жойған әріптестеріне түннен таңға дейін қамқорлық жасаған асхана қызметкерлері де болды. Ыстық тамақ, шай, адамның қарапайым назары — бұл үлкен жұмыстың бір бөлігі, онсыз командалық күш мүмкін емес.

Қысқа мерзімде жабдықтар бойынша жұмыстар жүргізілді, әуе желілерінің шлейфтері қалпына келтірілді және сағат 22:50-ге дейін Ақсу қаласын электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді. Түнде турбогенераторлардың іске қосылуын және станцияның қуатқа шығуын қамтамасыз ететін маңызды ақаулар жойылды.

Қазір станцияда №6А және №8А қазандықтардың корпустарын жөндеу жұмыстарын қоса алғанда, табиғи апаттың салдарын жою жалғасуда. Сондай-ақ, станцияда қалған зақымдарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде: әйнектер мен ғимараттарды жөндеу, аумақты абаттандыру, құлаған ағаштарды шығару.

Қуанышқа орай, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық қалпына келтіру жұмыстары еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып орындалады. Дәл қазір ЕЭК пен ERG Service және «Базис» құрылыс компаниясы қызметкерлері үйлесімді механизм ретінде әрекет етуді жалғастыруда: әйнек пен ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, абаттандыру қалпына келтірілуде, құлаған ағаштар алынып тасталуда, қалдық зақымданулар жойылуда.

Серіктестік материал