«Қазақстан халқына» қоры Павлодар облысында 20 шақты балаға көмектесті

«Қазақстан халқына» қоры Павлодар облысында 20 шақты балаға көмектесті

Бұл балалар эпилепсияға шалдыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, қор ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда. 

2023 жылдың ақпан айының соңында және наурыз айының басында еліміздің бес өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 миллион теңгеге «Сабрил» дәрісі жеткізілді. Оның ішінде Павлодар облысынан 18 бала бар, – делінген хабарламада.

Сондай- ақ Павлодар облысында бүйректің ауыр сырқатына шалдыққан балаға «Элимаб» препараты сатып алынды.

Биылғы жылдың қаңтар айында «Қазақстан халқына» қоры Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісімшарт аясында бүйрегінде ауыр  дерт анықталған бір балаға «Элимаб» («Экулизумаб») дәрілік затын жеткізілген.  Препараттың құны 16,66 млн теңгені құраған.

Айта кетейік, өткен жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 230-сы сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар, олардың ішінде 204-і бала.