Қазақстандық қаржы компаниясы ұлттық құндылықтарды қалай насихаттауда?
TAS Group – Қазақстандағы ең танымал әрі ірі қаржылық компаниялардың бірі, өз саласында үлкен жетістіктерге жетіп, бизнес әлемінде айтарлықтай орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Компанияның басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола білуі. Қазіргі таңда TAS Group тек қазақстандық нарықта ғана емес, халықаралық аренада да танымалдыққа ие. Алайда, осы компанияның басты ерекшелігі – оның негізінде жатқан қазақы рух пен ұлттық болмысында.
– Біздің компания қаржы саласында қызмет етеді. Шағын және орта бизнестің өкілдеріне қысқа мерзімді қаржыландыру ұсынамыз. Сонымен қатар, біз қазақша сөйлейтін алғашқы қаржы компаниясы болуға ұмтыламыз. Әрбір қазақ өз тілі мен мәдениетін мақтан етуі тиіс. Егер біз өзіміз ана тілімізде әдемі сөйлеп, жоғары мәдениетімізбен үлгі болсақ, жастарымыз да соған еліктейді, - дейді компания басшысы Дулат Тастекей.
Дулат Тастекейді көпшілік тіл жанашыры ретінде таниды. Ол өзі басқарып отырған компаниялар тобындағы іс-қағаздарды қазақшалап, қызметкерлеріне қазақ тілі курсын ұйымдастырып, өз ісімен және ұстанымымен үлгі болған кәсіпкер. Себебі мекемедегі қызметкерлер үшін басты талап – қазақ тілін білу.
– Біздің байланыс орталығымызға қоңырау шалатындардың 60 пайызы қазақ тілінде қызмет алуды қалайды. Қазақ тілі бизнес тіліне айналуы үшін тұтынушылар өз тілінде қызмет көрсетуді талап етуі тиіс. Егер клиенттер қазақ тілінде сөйлесуді талап етсе, бизнес те соған бейімделеді, – дейді ол.
TAS Group қызметінде қазақ тілін кеңінен қолдануды және оның дамуына үлес қосуды басты мақсаттарының бірі ретінде көреді. Қазақ тілін тек құжаттамада емес, қызметкерлермен сөйлесуде, маркетингтік стратегияларда да жиі пайдаланады. Компанияның интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілеріндегі жазбаларының барлығы бірінші қазақ тілінде жарияланады, бұл тек тілдің мәртебесін арттырып қана қоймай, қоғамның ұлттық санасын дамытуға да ықпал етеді. Кеңселерде түрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді: орыс, кәріс, ұйғыр, өзбек.
TAS Group компаниясы әрқашан қазақтың ұлттық дәстүрлеріне, мәдениеті мен болмысын құрметтейді. Бұл компанияның логотипі мен корпоративтік мәдениетінде көрініс табады. Қазіргі таңда әлемдік бизнес кеңістігінде ұлттық нақыштар мен этникалық элементтерді сақтап қалу оңай емес, алайда TAS Group бұл аспектілерді өз бизнесінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Құндылықтар мен салт-дәстүрлер компанияның корпоративтік стратегиясына, жұмыс тәртібіне және қызметкерлермен қарым-қатынасқа әсер етеді.
TAS Group тек өзі үшін жұмыс істеп қана қоймай, қазақстандық кәсіпкерлер мен жұмысшыларды қолдауға да бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Компания түрлі әлеуметтік және білім беру бағдарламаларын қолдайды, жастарға кәсіпкерлік дағдыларын үйретіп, оларға тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Осылайша, TAS Group ел экономикасына қосатын үлесін арттырып, өз тарапынан жастарды тәрбиелеу мен қолдау жүйесін қалыптастыруда.
– «Assyltas» қоғамдық қоры TAS Group қаржы компаниялар тобының әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асыратын қор. Жылдық пайдамыздың бір бөлігін қоғам мен мәдениеттің дамуына жұмсаймыз. «Инновацияға ден қойып, қазақ тілін қалың бұқараның іскерлік орта тіліне айналдыру. Қайырымдылық жасау. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ұлттық мүдде жолында қызмет ету» - «Assyltas» қоғамдық қорының миссиясы, яғни өмір сүру мәні. Бұл айналып келгенде TAS Group компаниясының да болмысын көрсетеді. TAS Group компаниясының негізгі миссиясы қаржы нарығындағы жұмысы болатын болса, жалпы топтың миссиясы осыған келіп саяды, – деп атап өтті Дулат Тастекей.
Ұлттық құндылықтарды насихаттауды белсене қолдап жүрген Дулат Тастекей бүгінде тек кәсіпкер емес, сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының депутаты, әрі меценат. TAS Group тек қазақи құндылықтарды ғана емес, экономикалық және қаржылық тұрғыдан да тұрақты әрі инновациялық көзқарасты алға тартады. Компания жаңа технологиялар мен бизнес үлгілерін енгізу арқылы Қазақстан экономикасын жаңа деңгейге көтеруге тырысады. Сонымен қатар, сыртқы нарықтарға шығу арқылы отандық өнімдер мен қызметтерді халықаралық аренада танытуға да мән береді.
Технологиялық жағынан бір орында тұру – озық компаниялардың артында қалумен тең. Технологиясын күн сайын жаңартатын компания ретінде жұмыс тоқтатылмайды. Компания клиенттердің өмірін оңтайландыру үшін онлайн технологияларды әрі қарай дамытуға тырысады.
– Біздің басқа компаниялардан бәсекелестік артықшылығымыз – бизнесті масштабтандыруды басқаратын өзіміздің ақпараттық жүйеміз бар. Қазірдің өзінде 70-тен астам IT қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысы компаниядағы қалған 250-ден астам адамның жалақысының қосындысынан артық. Бұл мамандардың қызметі елімізде ғана емес, әлемде жоғары бағаланатыны мәлім. IT технологияны қолдау басқалар үшін инвестиция болса, TAS Group үшін – тұрақты белгіленген шығын. Бізде fintech компанияның барлық элементтері қарастырылған,– деді Дулат Тастекей.
TAS Group әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне үлкен мән береді. Компания экология мен қоғам алдындағы міндеттерін орындауға тырысады. Қазіргі таңда қоршаған ортаға деген көзқарас өзгеріп, экологиялық тазалық пен тұрақтылық басты назарға алынуда. Компания жаңа технологияларды қолданып, жұмыс процестерін минималды экологиялық әсермен ұйымдастыруды көздейді.
– Сондай-ақ, біз ESG (қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау) мәдениетін дамытудамыз. ESG – бұл кез-келген компанияның дамуына және қоғамдағы орнына деген көзқарасының айқын көрсеткіші. Өз клиенттерімізге ғана емес, сонымен қатар елімізге және планетамызға ерекше ілтипатпен қараймыз. Біз болашаққа сене отырып, ESG қағидаттарын бүгінгі тәжірибеге енгізуге тырысамыз, сол арқылы қазіргі және кейінгі ұрпақтың дамуына үлес қоспақпыз,– деді спикер.
Компаниясының басты мақсаты – қазақтың дәстүрлері мен мәдениетін әлемге таныту, әлеуметтік жауапкершілікке ие болу және еліміздің экономикасына өз үлесін қосу. TAS Group қазіргі таңда еліміздегі ең қазақи компания ретінде ұлттық бизнес мәдениетін қалыптастырып, алдағы уақытта да осы жолда табысты жобаларды жүзеге асырмақ.
Жарнамалық материал
№ 05.21.0006.М.лицензия. 26.02.2021 ж. ҚНРДА берген