Қазақстандықтар шетелдегі туыстарын іздеуде көмек ала алады

Азаматтар ұсынған ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қарулы қақтығыс, табиғи апат немесе көші-қон салдарынан шетелдегі отбасы мүшелерімен байланысын жоғалтқан азаматтарға Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы көмек көрсетеді.
– Егер туыс шетелде соғыс немесе қарулы қақтығыс кезінде жоғалып кетсе, Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне жүгінуге болады. Ал көші-қон, табиғи апат немесе өзге де төтенше жағдай салдарынан байланыс үзілген жағдайда Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы жәрдемдеседі, – деді миссия өкілдері.
Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Қазақстандағы миссиясына +7 7172 725540, +7 7172 725230 немесе +7 7172 725541 телефондары арқылы хабарласуға болады. Электронды пошта: asa_tracing@icrc.org.
Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамының байланыс нөмірлері: +7 747 6669256, +7 727 2367623 (705). Электронды пошта: tracingservice@redcrescent.kz.
Ұйымдардың қызметтері тегін көрсетіледі.