Қазандық жарылды: Павлодарда зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр

Қазандық жарылды: Павлодарда зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр

1979 жылғы ер адамды термоингаляциялық күйік шалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 43 жастағы тұрғынның басы, беті мен денесінің жоғары және төменгі  бөлігін 40-45 % күйік шалған. 

– Жану өнімдерімен уланған.  Жағдайы ауыр деп бағаланады, – деп хабарлады басқармада. 

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады. Екі адам зардап шекті. Олардың біреуі компрессор-оператор болса, екіншісі – автогаз тасығыштың жүргізушісі.

Денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген. Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.