Қыстың соңғы күні Павлодар облысында суық болады
Ауа температурасы -30°C-қа дейін аяз төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 28 ақпан күні облыста түнде ауа температурасы -25...-30°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -18...-23°C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде -26...-28°C. Күндіз -20...-22°C. Ауа райы құбылмалы болады.