Ұйықтап қалып, оянбаған: Павлодар облысында екі апта ішінде бес адам көз жұмды
Үш жағдайда өрт болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Алайда түсіндірме жұмыстар жүргізілсе де, қайғылы оқиғалар орын алады.
– Еліміздің солтүстік өңірлерінде 1 қазаннан бастап жылыту кезеңі басталды. Павлодар облысында жылыту маусымы басталғалы бес адам қаза тапты. Ақтоғай мен Шарбақты аудандарының тұрғын үй секторларында екі адам өрттен көз жұмса, үшеуі Павлодар ауданында жылыту пешінен көміртегі тотығымен уланды. Олар ұйықтап қалып, оянбаған, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов.
Оның сөзінше, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен қайғылы оқиғалар болады. Ал уақытында тазаламаған пештің жарықтары анықталмаса, мұржадағы түтін үйдің ішіне таралып, қайта келуі мүмкін.
– Жылыту пештері жылыту маусымы басталар алдында тексеріліп, жөнделуі керек. Оларда жанғыш конструкциялардан, сондай-ақ күймейтін, зақымдалмай, нормада белгіленген өртке қарсы бөліктерден орнатылуы тиіс. Үш айда бір рет мұржаларды күйеден үнемі тазалап отыру қажет, – деді Қайрат Шаймарденов.
Түтін мұржалары қызыл кірпіштен, яғни ыстықты ұстап тұратын, жанбайтын, яғни ыстыққа төзімді, тұрақты және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс