Әли мен Асылым. Павлодар облысында «хит» есімдер аталды

Әли мен Асылым. Павлодар облысында «хит» есімдер аталды
Фото: Константин Шелков

Былтыр туу туралы 8735 куәлік берілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ресми мәліметтермен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өңірдері филиалының мамандары бөлісті.

Бала туу көрсеткіші бойынша Павлодар ауданы көш бастап тұр. Өткен жылы 1090 ұл-қыз дүние есігін ашты. Ал облыс орталығында 3352 нәресте туды.

Танымал есімдердің  тізімі осындай:

  1. Ислам – Айлин; 
  2. Алан – Медина; 
  3. Арлан – Томирис; 
  4. Әли – Асылым; 
  5. Әлихан – Айша; 
  6. Әмір – София;  
  7. Кәрім – Әмина;
  8. Имран – Айару;  
  9. Әлтайыр – Раяна;  
  10. Мүслім – Мариям;  
  11. Матвей – Аяла; 
  12. Әлім – Ясмина;
  13. Мұхаммад – Сафия;  
  14. Мирон – Айзере; 
  15. Омар – Ева. 

Былтыр өңірде 4457 неке тіркеліп. Шаңырақ көтергендердің ең жасы 16-да болса, ең ересегі 67 жастағы павлодарлық болып шықты.