Өлі балыққа толы жаға: Екібастұзда Cолнечный кентінде балық қырылды

Арнайы комиссия мәселені қадағалауға алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын Шандақсор су қоймасының су жиегінде жаппай қырылған балыққа толы екенін бейнежазбаға түсіріп, жария еткен.
– Бүкіл жағалауды өлі балық қаптап кеткен. Борсыған иіс шығып тұр. Суға микросфера түсіп кеткендіктен осындай жағдай туды, – деп пікір білдірді желі қолданушы.
«Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Самал Темірболатова жағдайға байланысты түсінік берді.
– 22 мамырда ГРЭС-2 су қоймасына шығу нәтижелері бойынша комиссиямен жиналған қырылған балық – торта, ёрш және алабұғаның көлемі 521 килограмм мөлшерінде екені анықталды, – деді ол.
Балық ресурстарына келтірілген залал мөлшері 1 миллион 200 мың теңгеден асады.
– Балықтардың қырылуының алдын-ала себебі – су температурасының жоғарылауы. Өлшеу кезінде су температурасы 26-27ºС мөлшерінде болды, – деп атап өтті Самал Темірболатова.
Екібастұз қаласының СЭС органдары су сынамаларын және Екібастұз қаласының ветеринариялық станциясының қырылған балық сынамаларын алып, зертханалық талдау үшін тапсырды.
Талдау нәтижелері 10 күн ішінде дайын болады.
Сонымен қатар, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-мен Павлодар облысы полиция департаментіне кінәлі тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту туралы хат жолданды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram