Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі

Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі
Фото: pexels.com

Ауа райының күрт салқындауына байланысты кеше Өзбекстандағы газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, салқынға байланысты магистральдық газ құбырларындағы қысым төмендеді. Бұл уақытта газ бірінші кезекте тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға бағытталады. Сондықтан 10 наурыздан бастап станциялар сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, таяуда Өзбекстанда газ бағасын негізсіз көтерген компанияларға қатысты іс қозғалды.

Сондай-ақ, былтыр Өзбекстан Қытайға 773 млн доллардың газын экспорттады.

Айта кетелік, биыл Өзбекстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттады.