1 наурызда Павлодар облысында қатты жел болады
Көктемнің алғашқы күніне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Көктайғақ болады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертен және күндіз секундына 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.
1 наурыз күні және түнде 2 наурызда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.