10 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жаууы мүмкін

Жел батыстан соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» өңірде бұлтты болады деп болжайды. Сынап бағанасы түнде ауа температурасы +13...+18°C, күндіз +21...+26°C көрсетеді.
Облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтілуде.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерде 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодарда түнде +15...+17°C, күндіз +24...+26°C дейін көтеріледі.