10 шілдеде Павлодар облысында найзағай күркірейді

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде ауа температурасы +22...+27 °C-қа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді.
Ал Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сынап бағанасы күндіз +25...+27 °C-ты көрсетеді.