12 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Екпіні 15-20 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +16...+21°C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +27...+32°C. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай болады.
Павлодар қаласында түнде +18...+20°C болады. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +29...+31°C-қа дейін көтеріледі.