12 қаңтарда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы 0…-5 °C, облыстың солтүстігінде -8 °C-қа дейін төмендейді. Қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.
Павлодарда сынап бағанасы 0… -2 °C-ты көрсетеді. Күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.