15 наурызда Павлодар облысында күн ашық болады
Түнде ауа температурасы -4°C дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, Павлодар облысы аумағында күн ашық және жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 0...+2 °C шамасында болады.
Солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 2-3 метр болады деп болжануда. Желдің екпінді 4 м/сек болмақ.
Павлодар қаласында ауа температурасы күндіз -5...-2°C болады, ал түнде -10...-8°C дейін төмендейді.