15 сәуірде Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

Күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі.
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды. Сынап бағанасы түнде +2...+7, күндіз +12...+17 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жаңбырлы ауа райы күтіледі. Түнде +3...+5, күндіз +14...+16 градус жылы болады.