Референдум күні Павлодар облысында жол жүру тегін
Ол облыстағы үш қалада қолға алынуда, @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 наурызда өңірдегі қалаларда қоғамдық көлікте жол жүру барлық санаттағы жолаушылар үшін тегін болмақ.
– Осы күні павлодарлық жолаушылар автобус пен трамвайлардың 20-дан астам қалалық бағыттарын тегін пайдалана алады. Қоғамдық көлік қозғалыс кестесіне сәйкес штаттық режимде жұмыс істейді. Ал басқа күндері тегін жол жүру қарастырылмаған, – делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұл күні Екібастұз бен Ақсу қаласының тұрғындарына да қалаішілік тасымал үшін жолақысын төлеудің қажеті болмайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайлау учаскелері 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.
Аяужан Жетес.