16 сәуірде Павлодар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады
Күндіз ауа температурасы ...+6°C дейін ғана көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -1...-6°C. Күндіз +1...+6°C. Облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 метрге дейін жетеді.
Ал Павлодар қаласында түнде -3...-5°C. Күндіз +3...+5°C. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады.