17 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашынды болады

17 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашынды болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы +8°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -3...-8°C, жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде тұман. Күндіз сынап бағаны  +3...+8°C дейін көрсетеді . Облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар).

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.

Ал Павлодарда түнде -4...-6°C. Күндіз +4...+6°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.