Павлодарда 1000-нан астам үйге ыстық су берілді

Павлодарда 1000-нан астам үйге ыстық су берілді

Қалған үйлер 2023 жылғы 5 маусымға дейін ыстық сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, қала әкімдігімен магистральдік және орамішілік жылу желілеріне гидравликалық және температуралық сынақтар жүргізу нәтижесінде желілерде анықталған зақымдар қысқа мерзімде жойылып, 1003 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су берілді. 

– 1 маусымдағы жағдай бойынша 12 көппәтерлі тұрғын үйдің үйішілік инженерлік желілерінде жекелеген жұмыс орындау қажет. Осыған байланысты бұл үйлерде ыстық сумен жабдықтау өшірілген, – деп жазылған хабарламада.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 32-бабына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, соның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті.  

Жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері – (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпыүй инженерлік жүйелері және т.б.) – жалпы кондоминиум объектісінің  ортақ мүлкі. 

Қызмет көрсететін ұйымдар мен қала тұрғындарына жоғарыда баяндалғандар негізінде ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін  қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу және  мақсатты жарналарды жинау ұсынылады.

12 үйдің тізімі:

Ломов көшесі, 177

Гагарин көшесі, 46

Кривенко көшесі, 49

Мәшһүр Жүсіп көшесі, 30

Назарбаев даңғылы, 44

Торайғыров көшесі, 36

Московская көшесі, 12

Лермонтов көшесі, 44

Айманов көшесі, 29

Ак.Бектұров көшесі, 19

Ак.Бектұров көшесі, 136

Р. Люксембург көшесі, 101