18 мамырда Павлодар облысында күн жылы болады

18 мамырда Павлодар облысында күн жылы болады
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде +5...+10 градус, ал күндіз +22...+27 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады деп болжануда.

Павлодарда түнде сынап бағанасы +7...+9 градус, ал күндіз +24...+26 градусты көрсетеді.