18 тамызда Павлодар облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады

18 тамызда Павлодар облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +10...+15°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы +20...+25°C, облыстың солтүстігінде +17°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +12...+14°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз сынап бағаны +21...+23°C дейін көтеріледі. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.