Павлодар облысының ірі сауда желілерінде тауарлар жеңілдікпен сатылады

Павлодар облысының ірі сауда желілерінде тауарлар жеңілдікпен сатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде «Береке Fest» акциясы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

31 желтоқсанға дейін Павлодар облысында ірі сауда желілерінде «Береке Fest» акциясы өтеді. «Береке Fest» – бұл бірінші кезекте қажет өнімдердің бағасын тұрақтандыруға, қазақстандық өндірушілерді қолдауға, отандық өнімді тұтынуды ынталандыруға бағытталған ауқымды республикалық бастама.

Акцияның мақсаттары: тауарлар бағасын уақытша төмендету есебінен халыққа баға жүктемесін төмендету, қолжетімділігі мен ілгерілеуі арқасында жергілікті өнімді тұтынуды арттыру, өндірушілер мен сауда желілері арасындағы байланысты нығайту, қазақстандық өндірістің оң имиджін қалыптастыру.

– Акцияға Павлодар облысының ірі сауда желілері қатысады: «Смолл», «Гринвич», «Инмарт», «Пахомовский». Ірі сауда желілерінде «Береке Fest» арнайы аймақтары – өндірушілердің өнімдерімен безендірілген кеңістіктер ұйымдастырылған, – деді облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде.

Тауарларды сату жеңілдіктер бере отырып, төмендетілген бағамен жүзеге асырылады.