19 сәуірде Павлодар облысында күн суытып, қар жауады

19 сәуірде Павлодар облысында күн суытып, қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жел солтүстік-батыстан соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, түнде  -3...-8, күндіз 0...+5 градус күтіледі. 

Облыстың шығысында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. 

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың шығысында екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. 

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде сынап бағанасы  -4...-6,  күндіз +2...+4 градус көрсетеді.