Асайын Байханов ардагерлерге мерекелік медаль табыстады

Ол майдангерлердің шаңырақтарына барып, 9 мамыр мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі аға буынның ерлік дәстүріне құрмет көрсету мақсатында қадірлі ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, ерекше ілтипатын білдірді.
- Қалқаман ауылында тұратын Василий Московченконың, Павлодарда Сергей Выжутовичтің, Мария Курбатованың, Василий Григораштың, Николай Ступканың сондай-ақ, Сычевка ауылындағы - Мария Матюшина мен Ертіс ауылындағы - Анна Носованың шаңырақтарына бардым, - деп атап өтті Асайын Байханов.
Кездесуде Асайын Байханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстап, Президент атынан құттықтауларды оқыды.
- Әр ардагермен кездесу - ерлік туралы дастан жазуға тұрарлықтай. Қарияларымыздың әсерлі естелік әңгімелерін тыңдап, батасын алып, алғыс айту өзі - бір ғанибет, - дейді облыс әкімі.
Оның сөзінше, ардагерлеріміз - тірі тарих. Соғыста Отан үшін, біздің жарқын, бейбіт болашағымыз үшін ардагерлеріміз арын – байрақ, намысын – найза етіп, қаһармандықтың өшпес үлгісін көрсетті.
Өкінішке орай, облысымызда Ұлы Отан соғысының тек 8 ардагері қалды. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеу – біздің қастерлі борышымыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram