2 желтоқсанда Павлодар облысында тұманды болады
Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы -3...+2 °C-қа дейін жылынады. Жауын-шашынсыз ауа райы болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі.
Павлодарда сынап бағанасы күндіз -1...+1 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұманды ауа райы күтіледі.