20 ақпанда Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады
20 ақпанда Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады
Кейбір жерлерде сынап бағанасы 0°C көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, скандинавиялық циклон ойпатының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – қарлы боранмен қар жауады, батыс өңірлерде және оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Тек елдің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады. ҚР аумағында көктайғақ, желдің күшеюі, тұман күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде аздаған қар жауады, өңірдің оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз бұлтты болады, аздаған қар жаууы мүмкін.
Түнде температура -15...-20, облыстың оңтүстігінде -12°C дейін, күндіз -3...-8 аяз, оңтүстікте 0°C дейін көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.
Фото: Константин Шелков
PavlodarnewsАқпан 20, 2023 - 08:03Жаңартылған: Ақпан 20, 2023 - 08:05