Павлодарда ана туралы әндер шырқалды
Іс-шара Мақтай Әйтімқызы апаның рухына арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәліметінше, жерлесіміз, ақын, Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы», тыл ардагері, «Өтер өмір білінбей» атты кітаптың авторы Мақтай Әйтімқызы апаның рухына арналған «Анаға тағызым» әдеби-сазды кеш өтті.
– Аталмыш шараға Ақтоғай ауданының тумасы, республикаға танымал суырып салма ақын Бейсенбі Мұқажан, «Дәстүрге жол» республикалық облыстық филиалының төрайымы Айжан Әбсаттарқызы, «Сағым жылдар» әжелер ансамблі мен аяулы аналар, мәдениет саласының ардагері Үміт Қасымқызы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын Ләззат Жүнісбекова, зиялы қауым өкілдері, туған-туыстары қатысты, – деді облыстық кітапхананың баспасөз орталығында.
Мақтай апаның рухына арналған кеште анаға арналған жылы сөздер мен әндер шырқалды.