20 наурызда Павлодар облысында күн жылы болады

20 наурызда Павлодар облысында күн жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде жауын-шашынсыз болады. Сынап бағанасы күндіз +7...+12°C, облыстың оңтүстігінде +15 °C-ты көрсетеді.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ауа температурасы +8...+10 °C-қа дейін жылынады.