2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.