Павлодарлық жас суретшілердің жұмыстары елорданың көрмесінде көрсетілді
Экспозицияда 50-ден астам жұмыс көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астанада Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі оқушыларының «Шығармашылдық әуендері» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Ол «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау жөніндегі республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды.
Павлодарлық жас суретшілер Президенттік орталықтағы көрмеге түрлі техникада: аралас, гуашь, акварель, майлы бояулар, акрилмен орындалған 51 жұмысты қойды.
– Мысалы, Екатерина Басок кескіндеме техникасындағы «Торайғыров ескерткіші», Кристина Материнаның сәндік-қолданбалы өнер-киіз басу техникасындағы «Ормандағы алма ағашы», Карина Төлегенованың киіз техникасындағы орындалған «Бейбітшілік тостағаны» және т.б жұмыстары ұсынылды, – дейді басшының орынбасары Инна Масленникова.
Көрменің ашылуына Павлодар мектебінің педагогтері Астана қаласының көркемсурет мектебінің оқушылары үшін Айдана Мерғалиева ыстық желім, фольга, сәндік контурлар, ринстондарды пайдалана отырып «Сәндік композиция. Аралас техника» тақырыбында, Татьяна Ахметжанова линолеум, кескіш құралдар мен типографиялық бояуды қолдана отырып «Линогравюра техникасындағы пейзаж» тақырыбында шеберлік сағат өткізді.