21 қаңтарда Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

21 қаңтарда Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз сынап бағанасы -13...-18°C, облыстың оңтүстігінде -10 °C-ты көрсетеді. Жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Павлодарда ауа температурасы күндіз -15...-17 °C-қа дейін төмендейді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.