21 тамызда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

21 тамызда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +8...+13°C, облыстың оңтүстігінде +16°C-қа дейін төмендейді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, батысы, оңтүстігі және орталығында бұршақ күтіледі. 

Күндіз сынап бағаны  +19...+24°C дейін көтеріледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік және орталық аудандарда бұршақ пен шквал болуы мүмкін. 

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +11...+13°C болады. Бұлтты ауа райы, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. 

Күндіз ауа температурасы +21...+23°C болады. Бұлтты, жаңбырлы, найзағайлы ауа райы сақталады, бұршақ түсуі мүмкін.