Ертіс ауданында заңсыз балық аулаған тұрғын жазаланды
Сот шешімімен ер адамға 10 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауданы орталығының тұрғыны Ертіс өзенінің жайылмасында балық аулау ережелерін бұза отырып, бес келіден астам балықты заңсыз аулаған.
– Ауыл тұрғыны балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. Сот шешімімен ер адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза белгіленді, бұл 36920 теңгені құрайды, – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Полицейлер балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.
Егер бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайды.