Павлодарда мемлекеттік қолдау арқасында тіл үйрету бизнесі жабылудан аман қалды
«Даму» қорының көмегімен ағылшын тілі мұғалімдеріне оқу орталығының бұрынғы ғимаратында қалуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
NEXT тіл орталығының менеджері Дарья Власова түсіндіргендей, көп жылдарға жалға алынған үй-жайдың иесі кенеттен нысанды сатуға қойған.
– Несие алу туралы өтінішті қарау үшін бірнеше банкке хабарластық. Олар жас кәсіпкерлерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын айтты, біз оларға жүгіндік,– дейді Дарья Власова.
Банк 50 миллион теңгеге несие берді, бірақ кепілдік жеткіліксіз болды, бұған «Даму» көмектесті – 18 миллионға қор кепілдік етті. Енді кәсіпкер үшін банк мөлшерлемесі 19,9 пайыз емес, небәрі 9 пайыз болады, қалғанын мемлекет субсидиялау арқылы өтейді. Соның арқасында павлодарлықтар ғимаратқа ие болды.
– Біз дүйсенбіден жексенбіге дейін жұмыс істейміз, яғни біздің орталықта демалыс жоқ. Орталықта 50 топта 300-ден астам студент бар. Бізде жоғары білімді, халықаралық сертификаттары бар он мұғалім бар. Мектеп IELTS-ке дайындалуға көмектеседі, ол шетелдік университеттер мен мектептерге түсуге мүмкіндік береді, – дейді менеджер.
Дарьяның айтуынша, болашақта елордада орталықтың филиалы ашылуы мүмкін.