21 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

21 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өңірде ауа температурасы түнде +5…+10, күндіз +18…+23 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда түнде тұман болжанады. 

Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады.

Ал Павлодар қаласында жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +6…+8, күндіз +20…+22 градус болады. Түнде тұман күтіледі.