22 тамызда Павлодар облысында бұршақ жауу мүмкін

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Сынап бағанасы күндіз +20...+25 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда ауа температурасы күндіз +22...+24 °C жылы болады. Көшпелі бұлтты, жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды.