23 қыркүйекте Павлодар облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін жетеді. Өңірде түнде ауа температурасы +5...+10°C, күндіз +13...+18°C көрсетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +8...+10°C, күндіз +14...+16°C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.