23 ақпанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Түнде және күндіз 2-4 градус суық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күн бұлтты болады. Түнде қар, күндіз қар мен жаңбыр аралас түрінде жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14, екпіні 15-20 метрді құрайды.
Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығысында ғана жауын-шышынсыз ауа райы сақталады.
ҚР бойынша көктайғақ болып, тұман түседі. Жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.