24 маусымда Павлодар облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін

24 маусымда Павлодар облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні кей уақытта 23-28 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +16...+21°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +31...+36°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл мен шаңды дауыл болуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16...+21°C болады. Күндіз сынап бағанасы +32...+34°C дейін көтеріледі. Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз.