24 тамызда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі

24 тамызда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Кей жерлерде желдің екпіні 15–20 метр болады,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде ауа температурасы +13…+18°C, күндіз +19…+24°C аралығында болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +15…+17°C, күндіз +21…+23°C болады. Күн бойы бұлтты ауа райы, жаңбыр және найзағай болжанады.