26 қарашада Павлодар облысында тұман күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы +3...+8 °C-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, облыстың басым бөлігінде тұман түседі.
Павлодарда сынап бағанасы күндіз +3...+5 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.