Павлодар облысында республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
Оған ауа райының күрт өзгеруі себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Ауа райының өзгеруіне байланысты 21 қараша күні сағат 20:30-дан бастап қосымша республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолдарына Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі 1206-1135 шақырымда қозғалыс шектелді, - делінген хабарламада.
Төтеншеліктер шектеудің барлық автокөліктерге арналғанын атап өтті. Әрі қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауды ескертеді.