Павлодар әкімі: Қар мен мұздың жиналуына жол бермеу керек

Павлодар әкімі: Қар мен мұздың жиналуына жол бермеу керек
Фото: Константин Шелков

Жауапты ұйымдардың басшылары қар тазалау жұмыстары туралы уақытылы баяндауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков жыл сайын күн райының жылынуына байланысты ғимараттардың төбесінде мұз, сүңгі және қар жамылғыларының пайда болу қаупі туындағаны жайлы мәлімдеді. Бос жатқан қар жиынтықтары мен еріген мұз бөліктері шатырлардан құлаған жағдайда тұрғындарға қауіп төндіреді.

— Павлодар облысының елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру ережесіне сәйкес және қауіпсіздік мақсатында шатырларда қар мен мұздың жиналуына жол бермеу керек, — дейді шаһар басшысы. 

Қызмет көрсетуші ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарының иелері мен жалға алушылар қар массасын тазарту және мұз сүңгілерін жою шараларын жүргізуі тиіс. Сондай-ақ қоғамдық жерлерде қар мен мұздың жиналуына жол берілмейді.

Бүгінде кәсіпкерлік бөлімі мен тұрғын үй инспекциясы бөлімі ПИК, МИБ, кәсіпкерлік ұйымдардың басшыларына шатырларды, кіреберістерді және маңдайшаларды уақытылы тазалау жөнінде түсіндірмелер беруде.