28 ақпан күні Павлодар облысында қар жауады

28 ақпан күні Павлодар облысында қар жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін, облыстың батысыңда, оңтүстігінде, орталығында 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні өңірдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады. Күндіз ауа температурасы -4...-8, облыстың солтүстік-шығысында -13°C суық болады. 

Павлодарда күн бұлтты болып, қар күтіледі. Сынап бағанасы күндіз -6...-8 °C-ты көрсетеді.