29 мамырда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі

29 мамырда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі
Фото: Константин Шелков

Күн бұлтты болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні  15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 3-8°С, күндіз 8-13°С болады.

Павлодар қаласында күн бұлттанып, түнде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде 8-10°С, күндіз 11-13°С көрсетеді.