29 наурызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Облыстың шығысы мен батысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады.
Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -2..-7 градус салқын, күндіз + 7..+12 градус жылы болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын жауады. Сынап бағанасы түнде -4..-6, күндіз +9..+11 градус көрсетеді.