3 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Өңірде тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас түрінде жауын-шашын болады.
Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 2 градус, күндіз 0-5 градус салқын, облыстың оңтүстігінде 3 градус жылы болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын жауып, тұман және көктайғақ болады.